E-learning

«SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері»

«Педагогические и технологические основы повышения квалификации педагогических работников в условиях внедрения процесса SMART Education»

«Pedagogical and technological basics of educators’ professional development in the context of SMART Education implementation»

1 бейнедәріс 2 бейнедәріс



Осы тақырыпты жүзеге асыру үшін  филиалдың жылдық жоспарындағы басты мақсаттарының бірі: Біліктілікті арттыру жүйесінің қызметкерлері жуық уақытқа жоспарланған ақпараттық қоғамды және болашақта күтілетін смарт қоғамды елімізде орнықтыруда педагогикалық шеберліктерін тиімді жұмсауы.
Филиалда осы бағыт бойынша жүзеге асырылған жұмыстар:

Филиалдың директордың орынбасары Е.Сафуллин «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы акционерлік қоғамының педагогтерінен құралған делегацияның мүшесі ретінде Корея Республикасына e-learning жүйесі бойынша оқу семинарына қатысты. Біліктілікті арттыру институттары педагогтері үшін электронды оқыту бойынша оқу семинары  Корея республикасының астанасы Сеул қаласында «Сеул Кибер Университетінде» ағымдық жылдың 10-15 желтоқсан аралығында өтті. Семинардың мақсаты – ҚР біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогтердің е-learning жүйесін елімізге ендіру жағдайында кәсіптік құзіреттіліктерін дамыту. Семинар соңында оқудың практикалық тапсырмасы ретінде контент жасаудың үлгісі үшін Сеул Кибер университетінің видео студиясында Е.Н.Сафуллин «Тригонометрия курсының әліппесі» тақырыбында бейнедәрісін сәтті өткізді.

Семинардың қорытындысы ретінде: «Тригонометрия курсының әліппесі» атты электрондық және кітапша түрінде оқу құралы жасалынды (автор Е.Сафуллин).

 

Облыс орталығындағы ағымдағы жылда E-learning-ке қосылатын мектептердің бірі Дарынды балаларға арналған мамандырылған С.Сейфуллин атындағы  №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде «Электронды оқыту жүйесі мәселелері» бойынша мектеп оқушылар мен олардың ата-аналарымен кездесу (08.02.2013 ж.); «Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі» атты кеңейтілген педагогикалық кеңеске қатысты (19.02.2013 ж.).

 

«Электрондық оқытуды енгізу мәселелері» тақырыбында БҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, аудандық және қалалық Білім беру бөлімдерінің меңгерушілері және мамандарымен бірлескен жиналыс өткізуілді (27.02.2013 ж.);



Облыстық Қазақ Драма театрында Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы тапсырмаларды мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы арқылы жүзеге асыру» тақырыбындағы облысымыздың білім беру қызметкерлерінің активінде «Бүгінгі білім беру жағдайындағы біліктілікті арттыру: міндеттер мен мүмкіндіктер» баяндамасынды филиал директоры С.С. Измуханбетова Smart-learning және е-learning мәселелері қозғалды (27.02.2013 ж.).

 

Қала және аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, мақсатында «Е-leaning» жүйесін енгізуге жоспарланған мектептердің мұғалімдеріне Г.К.Ахметова, Ж.А.Қараев, С.Т.Мұханбетжанованың «Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі» әдістемелік нұсқаулықты оқып-үйрену, талдау семинар өткізілді (16.03.2013ж.)

 

Филиалда «Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» Халықаралық Оn-lіnе семинар өткізілді. Семинар барысында ең алдымен п.ғ.д., доцент,Өрлеу» БАҰО» АҚ ақпараттық технологиялар және менеджмент кафедрасының меңгерушісі С.Т.Мұхамбетжанова «Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі» атты әдістемелік нұсқаулықтың презентациямен безендірілген негізгі бөлімдеріне тоқталып, электрондық оқытуды білім беру ұйымдарына енгізудің маңыздылығын ашып көрсетті. Онлайн семинардың келесі қатысушысы Сеул Кибер Университеті, Корея республикасының білім министрлігінің тәуелсіз эксперті, профессор Хан Тае Ин «E-Learning in Korea» е-learning жүйесін енгізу мәселесіне байланысты, өңіріміздегі осы салада жұмыс жасайтын мамандардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Ол сауалдардың жауабын корей тілінен аудару үшін, Пак Ин Гон мырза аудармашы ретінде шақырылды. Семинардың келесі қонағы Кембридж  университеті, білім беру факультетінің тренер-кеңесшісі Джозеф Mайкл Дженго мырза «New Trends In World Education – E-learning and SMART learning» атты баяндамасын оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.  Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің шетел тілін және аударма ісін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы, магистр И.Н.Касимова «Teacher training courses based on E-learning» тақырыбында баяндама жасады. Келесі кезекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары Е.Н.Сафуллин «E-Learning және SMART- learning үдерістерін оқытуға енгізу» тақырыбындағы баяндамасын оқып, өз ойын ортаға салды.  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша біліктілікті арттыру институты, ақпараттық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш.Бектыбаева «Формирование ИКТ-компетентности педагогов в условиях  внедрения электронного обучения» атты баяндамасын оқып, өз пікірімен бөлісті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары, облыс бойынша білім беру мекемелерінен 38 On-line аудитория қосылды. Семинардың қорытындысы ретінде материалдар жинақ шығарылды (24.04.2013 ж.).

 

Жергілікті ТДК-42 телеарнасына филиалдың директорының орынбасары Е. Н. Сафуллин сұқбат берілді.

 

 

 

 

 

 

 

«Smart-learning үдерісін енгізу жағдайында педагогикалық және техноголиялық негіздері» тақырыбы аясында жасалған жұмыстары реніде бұқаралық ақпараттық құралдарға мақалалар жарияланды: Сафуллин Е.Н. «Сеул сапарының әсерлері» «Жайық ұстазы» газеті 16.01.2013 ж. № 1-2 (258-259); Сафуллин Е.Н. «Сеул әсерлері» «Дана» журналы № 1(2), Сафуллин Е.Н. Болашақтың мектебі: ол қандай болмақ? Дана kaz.- журналы 2013.- №4.- Б.5.,   Махметова А.С. «Е - Learning жүйесі - заман талабы» «Жайық ұстазы» газеті.- 24.05.2013 ж.- №14.

«E-Learning және SMART- learning үдерістерін оқытуға енгізу» тақырыбы аясында конференция, семинар және педагогикалық оқулардың материалдар жинақтарында 40 астам мақалалар жарияланды.


Сафуллин Е.Н. «Математика пәнінен онлайн мұғалімді қалыптастыру» «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінде  шеберлік сынып жасады (Орал, 2013.)


Филиалдың 5 қызметкері сертификат алды. Қазіргі таңда 2013 жылдың қыркүйегі мен қазан аралығында 480 тыңдаушы оқытылды.


ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сәйкес электрондық оқыту (e-learning) бойынша 480 мұғалім оқытылды. «БД образовательной статистики», Электронная библиотека», «Дизайнер ЦОР», «Тестирование», с подсистемой «Управления обучением». С программой INTEL "обучение для будушего" модульдері бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізілді.


Е-learning бойынша жасалған Е.Н.Сафуллинның баспа еңбектерінің тізімі

Атауы

Баспахана, шығу мерзімі, көлемі

1

Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру

Халықаралық оnline семинар материалдары.- Орал: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің баспа орталығы, 2013.

2

Е-learning және Smart-learning үдерістерін оқытуға енгізу

«Білім берудегі инновациялық үрдістер: ізденіс пен даму болашағы», Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары,Ақтөбе, 2013.

3

Математика пәні мұғалімдерінің біліктілігін қашықтықтан оқыту арқылы арттыру

«Қашықтан оқыту жүйесі педагогтердің кәсіптік деңгейін арттыру үшін заманауи әмбебап технологиясы ретінде» атты оnline режіміндегі семинар материалдары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО ПҚБАИ, 2013.

4

Көпмәдениетті тұлға қалыптастыруда смарттехнологиялардың ролі

«Мәдениеттер үндестігі аясында көпмәдениетті  тұлғаны дамыту» оnline режіміндегі республикалық  вебинар материалдарының жинағы, СҚО ПҚБАИ, 22.05.2013.

5

Математика пәнінен онлайн мұғалімді қалыптастыру»  шеберлік сынып

«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінің материалдары.- Орал, 2013.

6

Математикалық регата тапсырмалар жинағы

Орал: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің баспа орталығы. – 2013.

7

«Тригонометрия курсының әліппесі» Оқу құралы.

Орал: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің баспа орталығы. - 2013.

8

Сеул сапары

Дана kaz.- 2013.- №1.- Б.5.

9

Болашақтың мектебі: ол қандай болмақ?

Дана kaz.- 2013.- №4.- Б.5.

10

Сеул-Кибер университеті және электронды оқыту

№24, 25 желтоқсан, 2013 ж


«Е-контент» байқауы Жайық ұстазы №1 (11) қосымшасы, 15 қаңтар, 2014 ж